Gulzhanat Begimova

Anahtar Kelimeler: ҚАЗАҚ, ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ, ТЕРМИНДЕР, ЛЕКСИКАЛЫҚ СИПАТЫ

Özet

Қазақ және түрік халықтарында дипломатиялық терминдер ерте кездерден бастап-ақ қалыптасқан. Дегенмен, дипломатиялық терминдердің мағыналық ерекшелігі, жасалу сипаты, танымдық негізділігі салыстырмалы бағытта да, жеке теориялық мәселе ретінде де әзірге зерттеу нысанына айнала қоймаған. Осыдан он төрт ғасыр бұрын бүгінгі таңда жалпы саны 200 млн. адамға жетіп отырған түркі халықтары бір тілде сөйлеп, Түрік қағанаты атты бір мемлекеттің құрамында тіршілік еткені тарихтан белгілі жайт. Тек VII ғасырдан бастап, олардың тарихында бөліну және ажырау үдерісі басталды. Мұстафа Ататүрік "Жер бетінде түрікке түріктен артық дос жоқ" деген. Осы сөздің мәнін байсалдылықпен пайымдасақ, бұл жақындық түркі халықтарының тілінің бірлігі, дінінің бірлігі, мәдениетінің бірлігі, әдет-ғұрпы мен дәстүрінің бірлігі арқылы анықтала түспек. Қазақ және түрік тілдерінің тарихи туыстығы, ортақ діл мен діннің болуы көп нәрсенің байыбына терең барлауға жетелейді. Қазіргі уақытта түбі бір түркі тілдерінің терминдік жүйесін реттеу, мүмкін болған жағдайда, ондағы ортақ терминдердің санын көбейтіп, сапалық мүмкіндігін арттыру мәселесі күн тәртібіне қойылуда.